Алашұлы тобы
Текст

Ару қыздар

Алашұлы тобы

Оцените песню: Голос вверх 19 Голос вниз

100%
0%
Ей, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар
Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты
Ердің ерке жанысыздар.
 
Қылығы қандай, бұрымы қандай - беліне дейін төгілген
Көз тоймас көрік, сертіне берік, қазақи мінез көрінген.
Оятып әнді, баурайды жанды қарақат мөлдір көздерің
Тамыры ұлттың, жарығы жұрттың болашақ ана – өздерің.
Ей, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар
Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты
Ердің ерке жанысыздар.
 
Сыңғырлап жатқан, сырғасын таққан қазақ қызымен мақтанам
Қазақ қыздарым, ғажап қыздарым, ажары айдай қазақ қыздарым.
Қадірлі қыздар, тәлімді қыздар тап-таза арын сақтаған.
Тербетіп бесік, перзенті өсіп, үмітін елдің ақтаған.
Ей, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар
Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты
Ердің ерке жанысыздар.