Балғын-дәурен, балауса кезің қандай
Гүл бағында балқиды сезім балдай
Құрбым осы бақытты сезіне алмай
Кейін алып жүрмейік кезіге алмай
Қайырмасы:
Жүрегімде махаббат ән тербетер
Бағалайық бақытты жан тербетер
Мұңға батып қалмасын көңіл бекер
Оралмайды жан-құрбым - өмір өтер
Ешкім бізге аяулым бал ашпайды
Қалауына жүректің таласпайды
Жүрек үнін тыңдаған адаспайды
Ешкімге де жалғыздық жараспайды
Қайырмасы.
Арманның мекені, алыстап кетеді
Жастығың өтеді қас-қағымда
Бағың бір таймасын, көңілің сайрасын
Өмірің жайнасын жас шағыңда