Ақылбек Жемеңей
Текст

Нәзігім

Ақылбек Жемеңей

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Жағадан тосамын кемемді,
Сезіммен өремін өлеңді.
Сағаттар өтпейді күткенде,
Сағынта бересің сен енді.
 
ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен нәзік қыз едің жаны гүл,
Кеудемде сол сезім әлі жүр.
Біз енді кездесе алмаймыз,
Қоштассақ бола ма тағы бір?!
 
Ақ гүлдей жан бітер жаңбырмен,
Көркіңе ынтықпын таң күлген.
Жанарың шоқтанып тұрды да,
Жүректі күйдіріп алдым мен.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен нәзік қыз едің жаны гүл,
Кеудемде сол сезім әлі жүр.
Біз енді кездесе алмаймыз,
Қоштассақ бола ма тағы бір?!