Бір әнді сатып алдым құнан нарға,
Беремін керек десен құмарларға.
Ит дауыс бұрынғыдай аңқымайды-ау
Жас келіп қартайған соң амал барма.
Амал барма
Амал барма
Қара нар жүк көтермей бел кеткен соң,
Ен дала құлазиды ел кеткен соң.
Сүйреткен ақбоз аттың шылбырындай,
Қылаңға сөз ереді бой жеткен соң.
Бой жеткен соң
Бой жеткен соң
Қолыма ұстағаным қу қарағай,
Не болды, дауысым, саған сырғанамай!
Күлмейін, ойнамайын десем дағы,
Барады өтіп дәурен бір қарамай
Бір қарамай-ай
Бір қарамай-ай
Бір қарамай-ай
Дүние бір қарамай-ай