Ақылбек Жемеңей
Текст

Көк айдай

Ақылбек Жемеңей

Оцените песню: Голос вверх 19 Голос вниз 2

90%
10%
Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем
Қосылса екі көркем болады еркем
Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын
Есіме сен түскенде, сұлу еркем
 
Бір ағашта екі алма
Мен де алмаймын, сен де алма
Менің досым сен болсаң
Оймақ ауыз, күлім көз
Мен кеткенде сен қалма
Ой, көк айдай, көк айдай
Сүйген сәулем -
Қыз қайда-ай
 
Ой, қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай
Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай
Төбесі сұлулардың көрінгенде
Аяқты баса алмаймын жын қаққандай
 
Бір ағашта екі алма
Мен де алмаймын, сен де алма
Менің досым сен болсаң
Оймақ ауыз, күлім көз
Мен кеткенде сен қалма
Ой, көк айдай, көк айдай
Сүйген сәулем -
Қыз қайда-ай 
 
-