Ғажайып күйге ендім мен неге
Көргенде алғаш сені Айсұлуым.
Өзіңсіз бәрін сезбес те едім
Алмаса баурап мені жан жылуың.
Кел бақытым болып арайлым,
Бір тек өзіңді қалаймын!
[Қайырмасы]
Айсұлу, Айсұлу, менің арманым-ай!
Сарқылып сезімің маған қалғаны ма-ай!
Көрмесем сағынамын сені,
Өмірімнің демі, жан-күйімнің емі.
Айсұлу, Айсұлу, менің арманым-ай!
Сарқылып сезімің маған қалғаны ма-ай!
Көрмесем сағынамын сені
Өмірімнің демі, жан-күйімнің емі.
Қиылған қасың қандай әдемі
Тамсанып сымбатыңа сан қарадым.
Шақырып махаббаттың әлемі
Мен үшін жаралдың ба ай, қарағым!
Кел бақытым болып арайлым
Бір тек өзіңді қалаймын
[Қайырмасы]
Айсұлу, Айсұлу менің арманым-ай!
Сарқылып сезімің маған қалғаны ма-ай!
Көрмесем сағынамын сені
Өмірімнің демі, жан-күйімнің емі.
Айсұлу, Айсұлу менің арманым-ай
Сарқылып сезімің маған қалғаны ма-ай!
Көрмесем сағынамын сені
Өмірімнің демі, жан-күйімнің емі. -