Ақбота Тәңірбергенова
Текст

Кете алмайсың

Ақбота Тәңірбергенова

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
1 Егер сен қуаныш болсаң,
Мен сенің жанарыңдамын
Егер сен тым алыс болсаң
Хат пенен қабарыңдамын,
Егер сен тым алыс болсаң
Хат пенен қабарыңдамын,
Қайырмасы:
Кетпейсің кете алмайсың менен
Мен саған мың арудаймын
Тағатсыз бір бірін іздеген
Егіздің сыңарындаймын
Кетпейсің кете алмайсың менен
Көздерің көріп қанбаған
Өзгелер асылмайтын жолмен бақытсыз жолыққан маған
2 Егер сен сағыныш болсаң
Мен сенің тілегіңдемін
Егер сен өкініш болсаң
Өртенген жүрегіңдемін
Егер сен өкініш болсаң
Өртенген жүрегіңдемін
Қайырмасы:
Кетпейсің кете алмайсың менен
Мен саған мың арудаймын
Тағатсыз бір бірін іздеген
Егіздің сыңарындаймын
Кетпейсің кете алмайсың менен
Көздерің көріп қанбаған
Өзгелер асылмайтын жолмен бақытсыз жолыққан маған