Көңілді арбайтын
Жанымды баурайтын
Жүректі жаулайтын
Махаббатым сен
Күлімдеп тіл қатып
Сезімді ұрлатып
Сеземін бір бақыт
Мен де өзіңнен
Ертегі күннің ерке бір гүлін
Аяла жаным алақаныңда
Іздесең болды үзбесең гүлді
Жайқалып өсем Алатауымда
Жабығып жалығып
Мөлдір мұң тағынып
Жүрмісің сағынып
Мені ғана сен
Баспасын сені мұң
Болғайсың серігім
Сағыныш сезімін
Ән қып тербесем