Әділет Асанов
Текст

Ең соңғы өтінішім үйлену тойыма келші (Бұл жолы қалыңдығым болып)

Әділет Асанов

Оцените песню: Голос вверх 330 Голос вниз 4

99%
1%
Тағдырдың тайғанақты жолдарында
Бір сүрініп, бір жығылып
Әр тасқа басымды бір соғып
Ақыры сезім ақ басының алдына қайта келдім
 
Бекініп бүлдірсем де
Ең соңғы өтінішім үшін
Өкініш білдірсем де
Әр дайым өтініп үлгеруші едім
 
Сүйем деп, күйем деп
Сар саң болған жаралы жүректің
Ақырғы өтініші бұл
Үйлену тойыма келші
Бұл жолы қалыңдығым болып
 
Адамдардың ішінен сайлап алып
Тек өзіңді сүйгенім айдан анық
Сезім шіркін мөп-мөлдір бал бұлақ боп
Күндіз түні жатады қайнап ағып
 
Болса дағы тамаша жер жаңа
Қызықтырмас бәрібір мені қала
Сұлулар да жүректі селк еткізбес
Ұнатамын өйткені сені ғана
 
Қажеті жоқ өзіңсіз ештеңенің
Өткен күннің әр сәтін ескеремін
Жүрегімді азаптап қинайтындай
Мен саған соншалықты не істеп едім
 
Сен істеп едім кестеледім қағазға салып бейнеңді
Өзің жоқта көңілім бір құлазыған күйге енді
Мына менен естелік боп санаңда бір сөз қалсын
Сен өзгеден артық көріп сүй дейтін едім сүйгенді
 
Алақанда аялаушы едім балапанға теңеп бір
Саған деген құрметімнің шексездігі демек бұл
Сезер медің сағат санап есігіңнің алдында
Еңіліктеп елеңдеген есі кетіп кебек жүр
 
Айтар болсам хабарласып хал сұрауға жарамайсың
Қоңырау шалсам көтере алмай көңілімді қаралайсың
Анда санда хат жіберіп көңілімді көтеруші ең
Кейде менімен түсініксіз сөйлесуді қаламайсың
 
Хат жолдасам одан сайын көтересің талауыңды
Не керегін біле алмастан қойдым таппай қалауыңды
Болмас жерден қырсығасың қырсыққанда шыңға шығып
Желбіретіп тұрасың-ау мінез дейтін жалауыңды
 
Ұнамсыз істеріңмен сезімімді майдалама
Үмітімді үзе алмадым жүрсем дағы айдалада
Мен өзіңді сүйіп қалып ұмыта алмай жүрмін енді
Өзіңді өзің ойлай бермей қарасаңшы айналаңа
 
Сағым болып өттің аяулым
Сағынып келем деуші едің
Тағындырып кеттің қаяу боп
Сабылып елеңдеуші едің
Үйлену тойыма келші енді
Бұл жолы қалыңдығым боп
Басыма ақ түсті орамал
Тағынып енем деуші едің
 
Бір кездері қуаныштан басыма бақ қонды дегем
Жан жылынар жылы сөздер естішу едім жөнде сенен
Алматының бекетінде жолыққанбыз сағынысып
Қоштасарда намыстанып бұл кездесу соңғы деп ем
 
Айтқандай ақ сол кездесу біздер үніш соңғы болды
Содан бері көріспестен жүре бердік оңға солға
Айтарымды айтып алып артынша кеп өкіндім шын
Қорқышу едім тағдырымнан тоғыстырмас енді жолды
 
Күздің соңы біздің соңғы сол кездесу есіңде ме
Біз екеуміз Алматының қыдырғанбыз кешінде де
Көріскенде менсінбеуші ең көрсеттің-ау көрмегенді
Сүйте тұра мен барлығын кешіргенмін, кешіргенмін
 
Сезем кейде сен де мені мен секілді қия алмайсың
Өлең жазып деме жаным әндеріңді жиі арнайсың
Бәлкім сенде отырсың-ау өткен күнді есіңе ап
Мен де сені сағынамын, сағынбашы дей алмайсың
 
Еріксіз дір еттім серіксіз жүректің тоқуы басылмай сен дегенде
Ұрлаған ұйқымды көздерің сиқырлы жаралы жанымды емдеген бе
Барында тұғымыз саралас сағынып қуана келер мең кел дегенде
Күдігің ашылмай уайымың басылмай көңілің ұқсайды сенбегенге
 
Ашылып сыр қызын сен жайлы жыр жазамын күніне үш мәрте кем дегенде
Сызылтып балкерімді салатын әндеріме есіңе түссінші мен дегенде
Көңілде жалбырын орналасса тағдырдың ісіне қайтеміз көнбегенде
Шақырып түсімде бір сыр бар ішінде сезімің ұқсайды сөнбегенге
 
Кеудемде тулаған алау болып шулаған тербетер сезімім бесігіңді
Сүзіңмен негелеп төзіме шегелеп жүрекке жазғанмын есіміңді
Жаныма емшім боп өтінемін келші деп ашшы мен қаққанда есігіңді
Қайғы мұң сыйламай жүректі қинамай тезірек айтсаңшы шешіміңді
 
Еңсемді емгіп расымен сүйем деп тигізіп алдым ба кесірімді
Беріліп сүймесең отына күймесең дәл бұндай сезімнің несі құнды
Сонда да берілмей күрессе жеңілмей мына өмір үйретті көсіруді
Өкпені өшірші өтінем кешірші сен түгілі Алла да кешірімді
 
Сағым болып өттің аяулым
Сағынып келем деуші едің
Тағындырып кеттің қаяу боп
Сабылып елеңдеуші еді
Үйлену тойыма келші енді
Бұл жолы қалыңдығым боп
Басыма ақ түсті орамал
Тағынып енем деуші едің