Әділ Сламхан
Текст

Жаса қазақ

Әділ Сламхан

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
 
Ғажайып жас қалам Астанам бас қалам менің
Тұғырын биіктен түспесін тәуелсіз елім
Бірлік пен бақыттың қуаныш шаттықтың шексіз
Мекені жайнай бер құлпырып мәңгілік елім
 
қайырмасы:
Елім кең байтақ киелі жерім
Шексіз өзіңді сүйемін елім
Жаса туған елім жайна туған жерім менің
Қазақ елім
 
Әр таңым арайлы күндерім шырайлы елім
Нұрланып әр қалаң гүлденіп кең далаң сенің
Қуаныш сыйлаған кеудемде сыймаған менің
Өркендеп өсе бер ризамын өзіңе елім
 
қайырмасы:
Елім кең байтақ киелі жерім
Шексіз өзіңді сүйемін елім
Жаса туған елім жайна туған жерім менің
Қазақ елім