Абылай Сарин
Текст

Қазақтың арулары-ай

Абылай Сарин

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Қазақтың арулары-ай
Сүймейтін сүйіспейтін
Қазақтың арулары-ай
Маңдайдан иіскейтін
 
Алма мойын белі қыпшадан
Кең даланың желі құшпаған
Арын басын беріп ұстаған
Қазақтың арулары-ай
Көрген көздің жалын алатын
Жан сарайдың сәні болатын
Бір-бір үйдің бағы болатын
Қазақтың арулары-ай
 
Қайырмасы:
Қазақтың арулары-ай
Сүймейтін сүйіспейтін
Маңдайдан иіскейтін
Қазақтың арулары-ай
Сүймейтін сүйіспейтін
Маңдайдан иіскейтін
 
Күлгенінде күн жарығым
Жүргенінде гүлде нәзігім
Ержігіттің білген қадірін
Қазақтың арулары-ай
 
Іңкәр сезім жанды байытты
Сенең таптым таңғы ғайыпты
Көрнектеуге мәңгі лайықты
Қазақтың арулары-ай
 
Қайырмасы:
Қазақтың арулары-ай
Сүймейтін сүйіспейтін
Маңдайдан иіскейтін
Қазақтың арулары-ай
Сүймейтін сүйіспейтін
Маңдайдан иіскейтін