25інде мамырдың қанат қаққанбыз
"Жас түлек" деген кеудеге лента таққанбыз.
Соңғы қоңырау сыңғырыменен асыға
Балалық шақтың есігін неге жапқанбыз
Қайырмасы:
Қызығып жасыл күлгінге
Балалық өтті білдің бе
Мүмкіндік жоқ қой сол күнге
Барып қайтатын 1күнге
Тату боп кейде керістік
Керіссек қайта келістік
Есімнен қалай кетеді
Естелік күндер ең ыстық
Қашушы едік көргенде бұрын партаны
Тақтаны көрсек қазір өзіне тартады
Əр шəкіртінің бақыты үшін екен ғой
Аяулы ұстаз ағарған шаштың əр талы
Қайырмасы:
Қызығып жасыл күлгінге
Балалық өтті білдің бе
Мүмкіндік жоқ қой сол күнге
Барып қайтатын 1күнге
Тату боп кейде керістік
Керіссек қайта келістік
Есімнен қалай кетеді
Естелік күндер ең ыстық
Біздерден кейін сыныпқа кімдер кірді екен
Біз жауып кеткен сыныптың кілті кімде екен
Біз ғашық болған қыздардың аты кітапта
Соңғы бетінде əлі жазулы тұр ма екен
Қайырмасы:
Қызығып жасыл күлгінге
Балалық өтті білдің бе
Мүмкіндік жоқ қой сол күнге
Барып қайтатын 1күнге
Тату боп кейде керістік
Керіссек қайта келістік
Есімнен қалай кетеді
Естелік күндер ең ыстық