Әбдіжаппар Әлқожа
Текст

Parij'Dubai'London

Әбдіжаппар Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 341 Голос вниз 9

97%
3%
Алматы менің шырайлы қалам,
Атырау, Ақтау мұнайлы қалам.
Ақтөбе, Орал ұнайды маған,
Туып өскен жерімдей.
 
Шымқалам менің, шың қамал еді,
Астанам менің мұз қамал еді.
Көкшетауым бар қыздан әдемі,
Аралап қайт ерінбеей.
 
Париж, Дубай, Лондон,
Көлдің, шөлдің, көрдің бәрін аралап.
Қызыл, Қара теңіз толқындарын айттың, қайттың жағалап,
Үші, төрті, бесеу жұлдызы бар қонақ үйді паналап.
Қазақстаныңа жетпейтінін, түсіндіңбе-ау саралап?
 
Қарағандыға бардың ба жаным?
Көрсеткен шығар Жамбыл ғажабын...
Қызылорданың әрбір қазағын,
Көрдің бе сен досындай?
 
Қостанайымның нанын жеймін мен,
Өскемен, Семей бағым деймін мен.
Қонағын төрде қадірлей білген,
Елім менің осындай.