Мөп-мөлдір жанарың
Елігі даланың
Көрігі қаланың
Өртеніп барамын
Қиялмай бағалым
Соңғы рет қарадың
Берілмеші өтінем босқа ашуға
Ойнап жүріп бола ма от басуға
Асықпайық, асықпа қоштасуға
Артта қалсын бұлыңғыр сәт елестер
Айыптымын алдыңда қателестім
Бірақ, саған әлі де жат емеспін
Жанымды қашқан жігер түйіп ап орамалға
Тереңге тастап жібер соңғы рет қарап ал да
Дүние кең шағында не кірді арамызға,
Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба?
Сүрінген құлагер ем, жылаған жаным қоса,
Алдыңда тұра берем, не керек бәрін жаса.
Өр кеуде жанды биік, көндіріп мазағыңа,
Жатайын мәңгі күйіп, сен тартқан азабыңда
Бұрқанса байыпты күн дауылын шегерер ме?
Алдыңда айыптымын, жаным-ау, сөге берме.
Берілмеші өтінем босқа ашуға
Ойнап жүріп бола ма от басуға
Асықпайық, асықпа қоштасуға
Артта қалсын бұлыңғыр сәт елестер
Айыптымын алдыңда қателестім
Бірақ, саған әлі де жат емеспін
Жарқ етсе сөнген ізгі ой жойылар өкпе-нала,
Баріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.
Қайда сол көктем кеші, балқитын күшімен бой
Өтінем, кектенбеші, өкпеңді түсінем ғой