Абай Бегей
Текст

Алматым алтын бесігім

Абай Бегей

Көк торғын кештерде көше бойлап,
Көтеріп көңілдерін,

Құрбылар келеді күліп-ойнап,
Серпілтіп сезімдерін.
Айналайын-ай, ару қалам-ай,
Сайрандап біз жүрміз бірге тойлап,
Алматым өзіңдеміз.
 
Ән жырдың Алматым ордасындай,
Думан тойлар өткізген,

Дос құрбы жандардың ортасында
Жарқын өмір кешкізген.
Қыздардың күлкісі сыңғырлаған
Көкейімнен кетпейді,

Бар қызық сыйлаған тағдыр маған
Бұл күндерге жетпейді.
 
Жеткізді мәпелеп талай досты Алматым — алтын бесік.

Табысқан қаншама жасты қосты
Өмірге ашып есік.
Айналайын-ай, ару қалам-ай,
Сайрандап біз жүрміз бірге тойлап,
Алматым өзіңдеміз.
 
Ән жырдың Алматым ордасындай,
Думан тойлар өткізген,

Дос құрбы жандардың ортасында
Жарқын өмір кешкізген.
Қыздардың күлкісі сыңғырлаған
Көкейімнен кетпейді,

Бар қызық сыйлаған тағдыр маған
Бұл күндерге жетпейді.