Осылай мен өшемінбе?
Жарық етіп сөнемінбе?
Сұлулықты көре білмеу
Қолымнан келеді ме?
Жабырқап сол күздеймін
Жалғыз-ақ сені іздеймін
Сүймеп ем мен ешкімді
Үмітімді мен үзбеймін
Жалын екен сүю деген
Шын сүюдің сыры терең
Айтшы сәулем сүйдім неге
Қара көздеріңді
Түсінемін өзіңді мен
Бұл ойың қате мүлдем
Бұл сезім таза сезім
Өзіңді күтемін мен
Беріліп нұр жүзіңе
Бақытым бір өзіңде
Жасыру сезімімді
Қолымнан келедіме
Жалын екен сүю деген
Шын сүюдің сыры терең
Айтшы сәулем сүйдім неге
Қара көздеріңді
Жалын екен сүю деген
Шын сүюдің сыры терең
Айтшы сәулем сүйдім неге
Қара көздеріңді